Әлем
Армения Үндістаннан көп қару сатып ала бастады
Армения Үндістан қаруын ең көп сатып алушы елге айналды.

Бұл туралы Үндістан Қаржы министрлігінің ел парламентіне ұсынған есебіне сілтеме жасаған IADN үнділік ақпараттық агенттігінің X микроблогында айтылған, деп хабарлайды Арменпресс.
Үндістан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 2024-2025 қаржы жылында Армения жалпы көлемі 600 миллион долларға Үндістанда жасалған қару-жарақ сатып алған.
2021 жылдан бастап Армения Үндістаннан зымырандар, артиллериялық жүйелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және басқа да қару-жарақ сатып алды.