Саясат
Армения премьер-министрінің қазақ әніне әуестігі: Никол Пашинянның желідегі видеосы

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желілерде танылған музыкалық видеоларына тағы бір жаңа жұмыс қосты. Бұл жолы ол Астанада түсірілген бейнероликпен бөлісті, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Премьер-министр кадр сыртынан жылы лебіздерін жолдап, қазақстандық әнші Bayansulu орындайтын Aua rai әнін таңдаған.
«Қайырлы таң, жақсы күн тілеймін. Сіздерді жақсы көремін», – деп жазды Пашинян видеосына.
Ролик басында ол қар жамылған Астана төрінде камераға қарап тұрса, кейін қолымен жүрек белгісін көрсетеді. Премьер-министрдің бұл қадамдары әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Bu gönderiyi Instagram’da gör



