«2024 жылдың 23 сәуірінде геодезиялық өлшемдерді үйлестіру жұмыстары аясында Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасының шекарасында бірінші шекаралық баған орнатылды», — делінген Армения министрлер кабинетінің Telegram-каналында.
Нақты қай жерде орнатылғаны көрсетілмеген.
Бұған дейін республиканың Ішкі істер министрлігі 23 сәуірде Тавуш облысының Баганис-Воскепар учаскесінде Әзербайжанмен шекарасын делимитациялау жұмыстарын бастайтынын хабарлаған.