БастыСаясат

Армения мен Әзербайжан жер дауынан ресми түрде бас тартатындарын растады

Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрліктері 8 тамызда Вашингтонда қол қойылған «Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы» келісімнің мәтіндерін жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Құжат 17 тармақты қамтиды және президенттер қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Жобаға сәйкес, тараптар егемендікті, аумақтық тұтастықты, халықаралық шекаралардың мызғымастығын және бір-бірінің саяси тәуелсіздігін мойындайды және құрметтейді. КСРО кезеңіндегі республикалардың шекаралары халықаралық шекаралармен анықталды.

Келісімде Әзербайжан мен Арменияның болашақта бір-біріне территорияға қатысты талаптары жоқ және оны мәселе ретінде көтермейтіндігі де бекітіліп, көрсетілген.

Елдер арасындағы бейбіт қатынастар туралы декларацияға Армения мен Әзербайжан басшылары 2025 жылдың 8 тамызында, жұмада Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен қол қойды. Бұған дейін Америка президенті екі мемлекеттің көпжылдық қақтығысына нүкте қоюы керектігін айтқан болатын.

 

TuraNews

Back to top button