БастыСаясат

Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімнің толық мәтінін әлі келіскен жоқ

Армения мен Әзербайжан бейбіт келісім жобасының барлық тармақтары бойынша әлі келісімге келген жоқ. Армения қысқа мерзімде мәтінді келісу үшін байланыстарды жандандыруға мүдделі.

Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваан Костанян мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазіргі уақытта келісім жобасының барлық тармақтары бойынша түпкілікті келісім жоқ. Келісілмеген мәселелер бойынша келіссөздер әлі де жалғасып жатыр», — деп атап өтті В.Костанян.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сыртқы саяси ведомство басшылары немесе мемлекет басшылары деңгейінде кездесу өткізу туралы нақты келісім жоқ. Бірақ армян тарапы бейбіт келісім мәтіні бойынша келісімді тез арада аяқтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін кездесулерді жандандыруға мүдделі.

5 қарашада Армения Сыртқы істер министрлігі Ереван бейбіт келісім жобасының мәтіні бойынша Әзербайжан тарапынан жауап ұсыныстарын (11-ші басылым) алғанын хабарлады. Баку осы жылдың тамыз айының соңында Ереван жіберген жоба мәтіні бойынша ұсыныстарға жауап берді.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button