ӘлемСаясат

Армения Еуропа Одағына кіруге ниетті

Арменияның «еуропалық ұмтылысы» бар және ел өзінің сыртқы саясатын әртараптандыруға ниетті, деді СІМ басшысы. Пашинян ЕО-ға кіру туралы өтінішті осы жылдың күзінен кешіктірмей тапсыруды жоспарлаған, деп хабарлайды РБК. 

«Арменияның соңғы төрт жылда бастап өткерген бүкіл қиындықтарын ескере отырып, „жаңа мүмкіндіктер“, соның ішінде Еуроодаққа кіру мәселесі талқыланып жатыр»,-деді Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян TRT World-қа берген сұхбатында.

Армения билігі ЕО мен НАТО-ға кіруді ойлады ма деген сұраққа ол осылай жауап берді:

«Армения халқының еуропалық ұмтылыстары бар, біз бұл процесті бастан өткеріп жатырмыз, оның аяқталуы қандай болатынын көреміз. Оны ешкім болжай алмайды, ешкім сенімді бола алмайды», — деді Мирзоян.

Армения дамудың демократиялық жолын таңдады, Брюссель мен Вашингтон бұл қозғалысты қолдайды, ал Ереван үшін серіктестер мен одақтастар шеңберін кеңейте отырып, барынша әртараптандырылу маңызды, деп жалғастырды министр.

Ол Ереванның дәстүрлі байланысты сақтап, «шығысқа қарайтынын» атап өтті.

Өткен жылдың соңында Мирзоян Арменияның ЕО-ға мүмкіндігінше жақындауға ұмтылысы туралы айтқан.

Премьер Никол Пашинянның айтуынша, Еуроодақ дәл осылай әрекет етуде.

«Біз Еуропа Одағымен қарым-қатынасты тереңдеткіміз келеді және мұны аймақтық қарым-қатынасымызбен ешбір жағдайда салыстырғымыз келмейді», — деді Пашинян.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button