БастыСаясат

Армения Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын -Никол Пашинян

Армения премьер-министрі Никол Пашинян келісім жобасы негізінде Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін білдірді.

Ол бұл туралы Ереван диалогы халықаралық форумының ашылуында айтты, деп жазады Kazinform агенттігі.

«Аудиторияның қызығушылығын тудыратын мәселеге жүгінгім келеді. Оңтүстік Кавказда тұрақты және ұзақ мерзімді бейбітшілік мүмкін бе? Әрине, бұл тек Армения ғана жауап беруі керек сұрақ емес. Бірақ мен бұл сұраққа Армения атынан жауап бергім келеді. Оңтүстік Кавказдағы берік және ұзақмерзімді бейбітшілік мүмкін ғана емес, сонымен бірге шынайы екеніне сенімдімін. Жақында бәріңіз де бейбіт келісім мәтінінің 80 пайызын тараптар келісіп қойғанын естідіңіздер», — деді Никол Пашинян.

Армения премьер-министрінің айтуынша, іс жүзінде бұл қазіргі уақытта тараптар бітімгершілік келісім жобасының преамбуласы мен 13 бабы бойынша келіскенін білдіреді. Оның айтуынша, шамамен екі сөйлемнен тұратын қалған 3 бап ішінара келісілді. Мысалы, бір ұсынысты тараптар келіссе, екіншісін әлі келісілмеген.

«Жақын арада келісілген баптар негізінде шартқа қол қоюға дайын екенімізді тағы да білдіргім келеді», — деп қорытындылады Никол Пашинян.

Ереванда «Yerevan Dialogue» халықаралық форумы – саясаткерлерді, ғалымдарды, жеке секторды және азаматтық қоғамды біріктіретін платформа климаттың өзгеруі мен қақтығыстардан бастап технологиялар мен денсаулық сақтауға дейінгі маңызды мәселелерді талқылау және шешу жолдарын іздестіру үшін басталды.

TuraNews

Back to top button