СаясатТехнология

Ақылбек Жапаров: Алиса мен Siri қазақ тілінде сөйлемейтініне алаңдаулы

Қырғызстан Үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров Digital Almaty форумының пленарлық сессиясында гаджеттердегі дауыстық көмекшілер қазақ және қырғыз тілдерінде сөйлемейтініне алаңдаушылық білдірд

Алматыда өтіп жатқан форумда Ақылбек Жапаров атап өткендей, жасанды интеллект жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады. Сонымен қатар технологияның даму қарқыны өзгерістерге жол бастайды, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Мені сол Алиса мен Siri-дің қырғыз немесе қазақ тілдерінде сөйлемейтіні толғандырады. Цифрлық әлемге енбеген тілдер жазу тіліне енбей қалған тілдің тағдырын кешетінін барлығымыз түсініп отырмыз. Жасанды интеллект мүмкіндіктермен қоса, мәселелер әкелетінін ескеру маңызды. Сондықтан оның қоғамға әсерін белсенді басқару қажет», – деді ол.

Түске дейін Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкімет басшылары Digital Almaty форумының пленарлық отырысына қатысқан еді.

Олар Говтех шексіз мемлекеттік қызметтер, Финтех яғни транзакцияларды оңтайландыру, жаңа технологиялар мен ІТ-бизнес жайында пікір алмасып, технопарктердің дамуын, корпоративтік инновациялардың трендтерін, цифрлық нарықтағы деректерді реттеу мәселелерін, креативті индустрия мәселесін талқылады.

TuraNews

Back to top button