ҚоғамМәдениет

Ақтауда Түркi елдерiнiң жас шеберлерiн біріктірген чемпионат басталды

кеше Ақтау қаласында тұңғыш рет жұмысшы мамандықтар аясында TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген жас мамандар, сарапшылар және техникалық және кәсіптік білім саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Іс-шараның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде үздік тәжірибені тарату, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру.

Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан делегация құрамында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Мелдебекова М.Т., Маңғыстау облысының әкімі, Қилыбай Н.И., Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялағаны — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі. TurkicSkills чемпионаты — осы жылдың басты оқиғаларының бірі. Бұл алаң жастардың кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты, тәжірибе мен инновация алмасуды тереңдетеді», — деді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.

Чемпионатқа 60-тен астам жас маман мен 80 сарапшы қатысуда. Олар IT бағыт, инженерия, өндірістік технологиялар және қызмет көрсету салалары бойынша сайысқа түседі.
TurkicSkills чемпионаты 9 қазанға дейін жалғасады, ал жеңімпаздар түркі елдерінің кәсіби шеберлері арасындағы үздіктер қатарынан көрінбек.

Айта кетейік, TurkicSkills — түркі мемлекеттері арасындағы кәсіби шеберлік бойынша алғашқы халықаралық чемпионат. Жоба техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға, инновация мен жастардың кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған.

TuraNews

Back to top button