Ақтай ауылында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

Бүгін Ақтай ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысып, жоба аясындағы негізгі жаңашылдықтар мен оның ел дамуына ықпалы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында Конституцияның мемлекет тұрақтылығы мен құқықтық жүйені нығайтудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері және негізгі қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Ашық форматта ұйымдастырылған жиында тұрғындар өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Алдағы республикалық референдум ел өміріндегі маңызды саяси кезең екені атап өтілді. Әрбір азаматтың таңдауы – мемлекетіміздің болашағына қосқан маңызды үлес болып табылатыны айтылды.



