БастыДенсаулықЭкономика

Ақша айырбастау орындарында доллар 509–516 теңге аралығында сатылуда

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 509 — 516 теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 10 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 510,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,15 теңге. Еуро — 539,61.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,1 теңге. Еуро 538 — 545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 — 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 9 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге төмендеп, 509,55 теңге болған.

TuraNews

Back to top button