ӘлемДенсаулықСаясат

АҚШ-тың бірінші ханымынан коронавирус анықталды

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Reuters.

Ақ үйдің дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесіне сәйкес, президент Джо Байденнің Үндістандағы «Үлкен жиырмалық» саммитіне барардан бірнеше күн бұрын Джилл Байден коронавирусқа тесттен өткен. Байденнің 72 жастағы әйелі бұған дейін коронавируспен өткен жылдың тамыз айында ауырған еді. Қазір оның бойында вирустың жеңіл белгілері бар. АҚШ президенті Джо Байден соңғы рет 2022 жылдың шілдесінде коронавируспен ауырып шыққан.

Бүгін кешке тестілеу қорытындысы бойынша Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымынан COVID-19 вирусы анықталды. Ол Делавэр штатында орналасқан Рехобот-Бичтегі үйінде қалады

, — деді оның қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Элизабет Александер. Президент Байденнің коронавирусқа тапсырған тесті теріс болып шыққаны хабарланды. Осы аптада президент жүйелі түрде тестілеуден өтіп, вирус белгілерінің бар-жоғын бақылап отырады.

Бұған дейін Ақ үй Джо Байденнің Нью-Делиде 9-10 қыркүйек аралығында өтетін G20 саммитіне қатысатынын хабарлаған болатын.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button