ӘлемСаясат

АҚШ Тайваньға әскери көмек береді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әкімшілігі «егеменді елдер» үшін алғаш рет қолданылған бағдарлама бойынша Тайваньға әскери көмек жөнелту жайлы  қаржыны бекітті, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

«CNN» телеарнасының  хабарлауынша, АҚШ Сыртқы істер министрлігі жалпы  «егеменді елдер» үшін жиі қолданылатын «Шетелдік әскери қаржыландыру» бағдарламасы аясында Тайваньға шамамен 80 миллион долларлық әскери көмек туралы шешімді Конгресске білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің бір  баспасөз хатшысы да «CNN»-ге жасаған мәлімдемесінде «Тайваньмен қарым-қатынастары туралы заңға сәйкес біздің «бір Қытай» саясатымыз өзгерген жоқ» деді. Хатшы сонымен қатар Америка Құрама Штаттарының Тайваньның өзін-өзі қорғауына қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Американың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Майкл Маккол бұл қадамды құптағандарын айтты.

TuraNews

Back to top button