Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі Ресейге қарсы 100-ге жуық жаңа санкция салынғанын хабарлады, деп жазады Turanews.kz.
АҚШ Қаржы министрлігінен жасалған мәлімдемеде Шетелдік активтерді бақылау кеңсесі (OFAC) Ресейдің Украинаға қарсы соғыс жүргізу қабілетін әлсірету үшін Ресей элиталарын, Ресейдің өнеркәсіптік базасын, қаржы ұйымдарын және технология жеткізушілерін нысанаға алғанын жариялады.
Мәлімдемеде OFAC-тың 100-ге жуық санкция салғаны және АҚШ Мемлекеттік департаментінің де санкциялар тізіміне 70-тен астам адамды қосқаны айтылды.
Мәлімдемеде OFAC-тың Ресей-Украина соғысынан пайда көргендерді, сондай-ақ әскери материалдар шығару арқылы соғысқа тікелей қолдау көрсететін Ресейде орналасқан ұйымдарды нысанаға алғаны және Ресейдің жеткізу тізбегін бұзу үшін санкциялар салынғаны баса айтылды.