
АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялаған ақпаратқа сәйкес, осы аптада Қырғыз Республикасының азаматтары үшін миграциялық емес виза беруге жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Kabar.kg.
Сонымен бірге, Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі бұл шараларды америкалық тарап біржақты тәртіпте және қырғыз тарапына алдын ала ескертусіз қабылдағанын, бұл алаңдаушылық туғызып, дипломатиялық диалог аясында түсіндіруді қажет ететінін атап өтті.
— Осыған байланысты жақын арада Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмаз Иманғазиев пен Америка Құрама Штаттарының Қырғыз Республикасындағы елшісі Лесли Вигеридің кездесуі өтеді. Кездесу барысында шектеулердің енгізілу себептерін, оларды жеңілдетудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ болашақта осындай жағдайлардың алдын алу шараларын талқылау жоспарланды, — деп атап өтті Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі.
Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі америкалық тараппен өзара іс-қимылға үлкен мән беретіні және Қырғыз Республикасы азаматтарының шетелдегі құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыратыны атап өтілді.