ӘлемЭкономика

АҚШ Қазақстанда жалған ақпаратпен күресуге қаржы бөлген – Ақ үй

Ақ үй Джо Байден әкімшілігінің шығындарын жария етті. Атап айтқанда, демократ командасы «Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге» ақша бөлді, - деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт.

Брифинг барысында Каролин Левитт Байден әкімшілігін «ақымақтық» үшін айыптап, ол Гватемалада жыныс ауыстыру отасына 2 млн доллар жұмсағанын мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұдан бөлек, Байден президенттігі кезінде АҚШ Ирактағы «Сезам көшесі» жаңа шоуына және «Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге» миллиондаған доллар бөлді.

— Ирактағы жаңа шоу құруға 20 млн доллар, ал Қазақстандағы «жалған ақпаратпен күресуге» 4,5 млн доллар бөлінді. Байден тағы 6 млн долларды Мысырдағы «туризмді қаржыландыруға» бөлген, — деді Левитт.

Трамптың баспасөз хатшысы қандай жалған ақпаратпен күрес туралы айтып жатқанын түсіндірген жоқ.

 

TuraNews

Back to top button