
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасы.
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды», — делінген хабарламада.