Дәстүр бойынша тараптар бір-бірімен амандасты, сондай-ақ жоғары мәртебелі қонақтың сапары құрметіне салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауыл тізілді.
Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді. оны ұшақ трапынан Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алды.



