Қоғам
Ақмола облысында жолда қалған 64 өзбекстандық эвакуацияланды
Ақмола облысында жолда қалған өзбекстандық 64 жолаушы эвакуацияланды, оның 17-сі бала.
Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тас жолының Жақсы ауылы тұсында «Астана-Челябі» бағытындағы жолаушылар автобусы істен шыққаны туралы хабар түскен.
«Шақыру орнына дереу Жақсы ауданының құтқарушылары Аяз Мақашев пен Сайлаубек Қажымұратов барды. Олар істен шыққан автобуста болған 64 жолаушыны (оның 17 бала) Жақсы ауылындағы N1 орта мектепте орналасқан жылыту орнына жеткізді. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді», — деді ведомстводан.