Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен қазақтың белгілі ағартушысы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Анкара қаласындағы Етимесгут муниципалитетінде Ұлт ұстазының ескерткіші мен паркі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және білім министрлігінің Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Turanews.kz.
Аталған шараға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Етимесгут муниципалитетінің әкімі Енвер Демирел, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Сыртқы істер министрінің өкілі Хасан Баджажы, Анкарадағы түркітілдес мемлекеттер Елшіліктерінің өкілдері, ТҮРКСОЙ өкілдері, «YDA» холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арслан, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанимет Қайсаұлы, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі Ержан Уәйіс, зиялы қауым, қазақ диаспорасы және БАҚ өкілдері қатысты.
Саябақтың аумағына ондаған ағаш егіліп, тұрғындардың демалуына арналған самалжайлар мен спорттық алаңдар орнатылған.
Белгілі сәулетшілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермухаметов салған қола мен граниттен жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр.