Анкарадағы теракт құрбандарының саны бес адамға жетті
Зардап шеккендердің жалпы саны 22 адамға жетті
Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая TRT Haber телеарнасының эфирінде Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны бес адамға жеткенін, тағы 22 адам жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
«Терактіде қаза тапқандар саны 5 адамға жетті, зардап шеккендердің жалпы саны 22 адам, оның үшеуі ауруханадан шығарылды. Біздің бағалауымызша, шабуыл Күрдістан жұмысшы партиясының әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Шабуылдаушыларды анықтағаннан кейін біз ақпарат және басқа да дәлелдермен бөлісеміз», — деді министр.
Ол сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шабуыл туралы ақпарат түскен сәттен бастап қауіп жойылғанға дейін ақпарат алып отырғанын айтты.
Ақпаратты Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынды.
Бұған дейін жазғанымыздай, Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын «TUSAŞ» корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды.