ӘлемЭкономика

Анкарада Түркия-Өзбекстан бизнес форумы өтті

Түркия астанасы Анкара қаласында Түркия-Өзбекстан бизнес форумы өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

TRT Haber агенттігінің дерегінше, форум аясында 8 маңызды меморандумға қол қойылды. Осы бизнес-форумда сөз сөйлеген Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз екі бауырлас елдің іскер әлемін біріктіретін бұл конференцияның маңыздылығына тоқталды.

-Өзбекстан түрік өнімдерін шет елдерге экспорттаушылар арасында үшінші, импорттаушылар арасында бесінші орында тұр. Көрсеткіштерді жоғары деңгейге жеткіземіз деп үміттенеміз, деген.

Сондай-ақ ол өз сөзінде Өзбекстанмен өзара сауда көлемінің 2022 жылы 3,5 миллиард АҚШ долларына жеткенін, Түркияның Өзбекстанға инвестициясының 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтынын, Өзбекстанның әртүрлі аймақтарында 1700-ден астам түрік фирмасының жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Түрік мердігерлерінің Tashkent City, Pyramit Tower және Akay City сияқты 6,9 миллиард долларлық 262 жобаны жүзеге асырғанын айта тұрып Йылмаз мырза бұл инвестицияның алдағы кезеңде арта түсетініне сенім білдірген.

 

 

Via
Uza.uz
Source
TRT

TuraNews

Back to top button