Анкарада Бахтияр Вахабзадені еске алу шарасы өтті
Анкарағы Бахтияр Вахабзаде атындағы орта мектепте түркі әлемінің әдебиет өкілі, әйгілі Әзербайжан ақыны, әрі жазушысы Вахабзаденің туғанына 100 жыл толуына орай еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Ақын есімімен аталатын мектепте өткен шара оқушылардың Бахтияр Вахабзадеге арнап салған суреттері қойылған көрмемен ашылды. Мектеп директоры Билал Чевиктің құттықтау сөзінен кейін ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Ферид Джафаров, Әзербайжан халық ақыны Сабир Рүстемханлы, Мамак аудандық ұлттық білім басқармасының бөлім меңгерушісі Шахсенем Дюзгюн сөз сөйледі, деп хабарлайды TURKSOY-дың баспасөз қызметі.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф түркі әлемінің бай мәдени мұрасына тоқталып, оның мәдениет пен әдебиет саласында өте маңызды тұлғаларды тәрбиелеп шығарғанын және олардың бірі Әзербайжан ақыны Бахтияр Вахабзаде екенін атап өтті. Адамм құндылықтарды бірінші орынға қоятын түркі мәдениетімен өрілген түркі тілі кеңінен таралған аймақтарда махаббат пен төзімділік басым екенін атап өткен ол осылайша кеңінен таралған осы бай өркениет өкілдерін жас ұрпаққа үйретудің маңызды екенін атап өтті.
Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Фарид Джафаров Әзербайжанның қазіргі әдебиетінің маңызды өкілдерінің бірі Бахтияр Вахабзаде атындағы мектепте болғанына қуанышты екенін жеткізді. Джафаров Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің 2025 жылғы 21 ақпандағы жарлығымен Әзрбайжан әдебиетінде өзіндік орны бар ақын Бахтияр Вахабзаденің 100 жылдығына орай ел көлемінде ауқымды шаралар өтетінін мәлімдеді. Осы тұрғыда ол Анкара Бахтияр Вахабзаде орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінің Әзербайжанда өтетін іс-шараларға қатысуға көзқарасы оң екенін атап өтті.
Әдебиеттің, поэзияның, жазушылықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталған Әзербайжанның халық ақыны Сабир Рустамханлы Вахабзаде өлеңдеріндегі ұлттық сезімдер мен туған жерге, топырағына деген адалдығына тоқталды. Ол Әзербайжанның ұлттық оянуының және Кеңес өкіметіне қарсы тәуелсіздік жолындағы күрескер тұлғаларының бірі Бахтияр Вахабзаденің жастардың ықыласына қалай бөленгеніне тоқталды.
Шахсенем Дюзгюн өз сөзінде Білім министрлігі жүзеге асырған жоба аясында мектептерге берілген атауларға байланысты конференциялар ұйымдастырып, бұл атауларды көпшілікке таныстырғандарын айтты. Осы тұрғыда келесі оқу жылында Анкара Бахтияр Вахабзаде орта мектебінің де бұл жобаға қосылатынын және Әзербайжан ақыны Бахтияр Вахабзаде туралы шара ұйымдастыратындарын жеткізді.
Шараның мәдени бөлімінде мектеп оқушылары Эльвин Чырак пен Батухан Кахраман Вахабзаде өлеңдерін жатқа оқыса, Икра Бекташ ақынның өлеңіне жазылған әнді орындады. ТРТ өнерпазы Барыш Акпынар Әзербайжан әнұраны мен Әзербайжан-Түркияға тән әндерімен шараға сән қосты.
Бағдарламаның соңғы бөлімінде Әзербайжанның дәстүрлі музыка жанры муғамның ең танымал орындаушылары Әзербайжанның мемлекеттік әртісі Мелеханым Эюбова, скрипкашы Араз Ағавердиев, нагарашы Рамин Абдуллаев және тарист Алтай Нифталиев өнер көрсетті. Муғам тобының әсерлі өнері қатысушылардың жоғары ықыласына ие болды.
Іс-шара Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Ферид Джафаровтың Анкара Бахтияр Вахабзаде атындағы орта мектебіне Бахтияр Вахабзаде портретін табыстаумен және қатысушыларға естелік тақталар мен алғыс хаттарды табыс етуімен аяқталды.