БастыМәдениет

Анкарада «Аршын мал алан» опереттасы көрсетіледі

Әзербайжан композиторы Узеир Гаджибековтің соңғы және ең танымал опереттасы «Аршын мал алан» Түркияның астанасында көрсетіледі.

Анкарада түркі әлемінің ең танымал музыкалық туындылардың бірі – «Аршын мал алан» опереттасының көрсетілімі өтеді. Бұл туралы Түркия мемлекеттік опера және балетінің бас басқармасы хабарлады, деп жазады Анадолу агенттігі.

«Аршын мал алан» опереттасы – Узеир Гаджибековтің соңғы және ең танымал опереттасы. Ол 1913 жылы Петербургте жазылған. Гаджибековтың опереттасында ұлттық әуендер, лирика, жанрлық бояулар жанды және типтік кейіпкерлерді жаңғыртуда органикалық түрде үйлеседі. Музыка халықтық бастаулардан шығып, оның әуендері халықтық сипатқа ие болды. Музыкалық комедия элементтері бар опереттаның сюжеті махаббат үшін күрескен екі жастың қарым-қатынасына құрылған.

Қойылымның режиссері – Хафиз Гулиев. Қойылым дирижер Рустам Рахмедовтың жетекшілігімен өтеді.

TuraNews

Back to top button