БастыСаясат

Анкара Иран-Израиль шиеленісін реттеуге делдал болуға әзір

Анкара Тель-Авив пен Тегеран арасындағы ушыққан текетіресті дипломатиялық жолмен шешу үшін делдалдық рөлді өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиянмен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты. Ердоған ресми Анкараның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің қайта басталуына да ықпал ете алатынын жеткізді.

Президенттің Коммуникация басқармасы таратқан мәлімдемеге сәйкес, Түркия президенті әңгіме барысында: «Біз Израиль мен Иран арасындағы шиеленісті шешу үшін барлық дипломатиялық арналарды іске қосуға дайынбыз. Түркия бұл мәселеде арағайындық танытып, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады», – деді.

Айта кетейік, Иран-Израиль қақтығысы жаһандық нарықтарға да әсер етіп, энергия бағасының айтарлықтай өсуіне себеп болды. Қазіргі таңда Brent маркалы мұнайдың баррелі 73 доллардан асты. Қара алтын бағасының бұлай күрт көтерілуі Түркияда жанармай құнының қайта өсуіне әкеп соқты. Дизель отынының бағасы бір тәулік ішінде шамамен 23 теңгеге қымбаттады.

Сарапшылардың айтуынша, егер Ормуз бұғазы жабылса, мұнай бағасы 150 долларға дейін өсіп, жанармай құны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетуі мүмкін.

TuraNews

Back to top button