Аналар кеңесі: Ұлытауда ана мен бала денсаулығы мәселелері талқыланды
Ұлытау өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Ананың рөлі: салауаттылық пен ұрпақ қамы» тақырыбында ауқымды облыстық форумы өтті.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында форумға қатысушылар ана мен бала денсаулығын сақтаудың маңыздылығына, сондай-ақ өңірдегі өзекті әлеуметтік және медициналық мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу қажеттілігіне баса назар аударды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Форумды қоғамдық даму басқармасының басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы ашып, форумға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде денсаулық сақтау мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылауға әйелдің көзқарасы мен ананың қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның модераторы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Сейтжанова Гүлбану Орынбасарқызы бүгінгі форум денсаулық сақтау, инклюзия, білім беру, әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелеріне қатысты маңызды тақырыптар көтерілетін диалог алаңы екенін атап өтті.
Форумға қатысушыларға төмендегідей мазмұнды баяндамалар жасалды:
- Қарсақбай кенті дәрігерлік амбулаториясының отбасылық дәрігері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» иегері — Қожасова Ұлмекен Хасенқызы
- Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны акушерлік қызметінің басшысы, бас акушер-гинекологы АБИШЕВА ГАЙНУРА МАГЗУМОВНА
- «Сәтбаев қалалық ауруханасы» жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі, дәрігер
МУХАМЕДГАЛИЕВА ШОЛПАН САФАРБЕКОВНА - Жәйрем кенті №10 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ТАШАЕВА ҮМІТГҮЛ ЕРКІНҚЫЗЫ
- ”AUTISM KAZAKHSTAN” ұлттық қауымдастығының мүшесі, облыстық “Алқалы ару-2025” байқауының жеңімпазы, 6 баланың анасы, күміс алқа үміткері САДЫКОВА САМАЛ КАБДУЛАҚЫЗЫ
Форумға қатысушылар ана мен бала денсаулығын қорғау, босанғаннан кейінгі қолдау, әйелдердің денсаулық сауаттылығын арттыру, профилактиканың рөлі, вакцинация, ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселелеріне ерекше назар аударды.
Форум соңында облыстың әр өңірінен келген Аналар кеңесінің мүшелеріне отбасы құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар табыс етілді.