
Nomad Stunts тобының трюк қоюшысы Алтынбек Шәкен экшен-режиссері болған «49» фильмі 2023 жылдың ең үздік түрік экшен-фильмі атанды, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Бурса кинофестивалінде Nomad Stunts тобының трюк қоюшысы Алтынбек Шәкен экшен-режиссері болған «49» фильмі 2023 жылдың ең үздік түрік экшен-фильмі атанды.
«49» драмасы шынайы оқиғаларға негізделген және Ирактағы түрік консулдығын кепілге алу оқиғасын баяндайды.
Фильм режиссері – Хакан Инан. Басты рөлдерді белгілі түрік актерлері Ханде Догандемир мен Исмаил Хаджиоглу сомдады», — делінген аталған топтың Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратта.
Жобаға Nomad Stunts каскадерлері қатысқан. Ал Алтынбек Шәкен барлық экшен көріністерін қоюға жауапты ғана емес, сонымен қатар экшен-оператор ретінде дебют жасаған.


