
Астана уақытымен cағат 10:05-тwе бағалы металдың троя унциясы $4 051,80 (+0,36%) деңгейінде саудаланды. Сағат 10:15-те баға бір унция үшін 4 052,70 долларға жетті (+0,38%).
ВВС мәліметінше, алтынның бағасы 2025 жылдың басынан бері 50%-дан астам қымбаттады, құйма алтын соңғы екі айдан аз уақыт ішінде 20%-дан астам қымбаттады.
Сарапшылардың түсіндіруінше, мұндай қарқынды өсімге инвесторлардың инфляция мен қарыз деңгейінің өсуіне алаңдаушылық білдіріп, бағалы металға ақша салып жатқаны, ал орталық банктер активтерді әртараптандыру үшін сатып алуы себеп болып отыр.
Еске салсақ, 6 қазанда алтынның бағасы бұған дейін болмаған жоғары деңгейге жетті.