СаясатЭкономика

«Алтай Инвест-2025»: ШҚО әкімі Сақтағанов пен Түркия елшісі Капуджу қазақ-түрік ынтымақтастығын талқылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскеменде өткен «Altai Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумында Түркия елшісі Мұстафа Капуджу кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастармен қатар, инвестициялық мүмкіндіктер мен бірлескен жобалар талқыланды.

«Шығыс Қазақстан – ел бойынша өнеркәсібі дамыған өлке. Табиғи ресурстарға бай облысымызда Қазақстанның түсті металлургиясының басым бөлігі шоғырланған. Глубокое ауданында түркиялық «Mimsan Industry Boilers» компаниясы қуаттылығы 30 Гкал/сағ қазандық салу жобасын іске асырып жатыр. Өңірге өңдеу, тау-кен өндіру, химия және тоқыма өнеркәсіптеріне инвестиция құюға мүмкіндік мол. Құрылыс материалдарын өндіру, ағаш өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласының да әлеуеті зор», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Мустафа Капуджу өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты одан сайын күшейтуге ниетті екендіктерін айтып, инвестициялық форум жұмысына сәттілік тіледі.

TuraNews

Back to top button