БастыЭкономика

Алматының жаңа әуежайы құрылысын дер уақытында аяқтау қажет — Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматы қаласының жаңа әуежайы құрылысын дер уақытында аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Алматыда жаңа халықаралық әуежай терминалық салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Министрлік әкімдікпен және инвестормен бірге жолаушылар ағынын арттыру, сонымен қатар әуе тасымалының бағдар желісін кеңейту үшін жобаны дер уақытында жүзеге асыру іс-шараларын қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Естеріңізге сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді.

TuraNews

Back to top button