БастыҚоғамМәдениет

Алматылықтар нағыз бауырсақтың қандай болатынын білді

«Бауырсақ түстес күз» жобасы аясында, өткен жылдан бері алматылықтар арасында танымал inDrive.Курьеры қызметі 100 кг бауырсақ таратып, бір порцияның мінсіз көлемін анықтады – 25 грамм, яғни екі тістем.

Қазақстанның түрлі өңірлерінде бауырсақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі, құрамы да аймаққа байланысты өзгеше болуы мүмкін. Бауырсақтың дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш немесе ромб тәрізді түрлері де бар. inDrive компаниясы нағыз бауырсақтың қандай болатынын анықтауды мақсат етіп қойды. Осы мақсатта бес күн бойы inDrive.Курьеры қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына тегін бауырсақ таратты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Компанияның фирмалық киімін киген курьерлерді Алматының орталығындағы танымал жерлерден кездестіруге болатын еді. Бұл жолы ұлттық музыканы қобыз, домбыра және флейтада сүйемелдеген музыканттармен бірге бастан-аяқ әскери киінген қазақ батырлары еріп жүрді. Алып батырларға қатты қызыққан көпшілік олармен суретке түсті, ал ыстық бауырсақтар бірнеше минутта тарап кетіп отырды.

«Бауырсақ түстес күз» акциясына арнап біз бауырсақтың бірнеше түрін дайындадық, негізінен дөңгелек түрін алдық, себебі шеңбер – бейбітшіліктің және ең мінсіз геометриялық пішіннің символы», – деді inDrive.Курьеры ТМД бойынша бизнесті дамыту менеджері Анастасия Литвишкова.

Бірінші партияның салмағы 8 грамм болды (бір тістем), орташасынікі – 25 грамм (екі тістем), ал 30 грамм бауырсақтар – үш тістем. Алматылықтар көбінесе көлемі орташа бауырсақтарды (екі тістем) таңдады және оны олардың аналары мен әжелері бауырсақты дәл осылай, көлемі орташа етіп жасайтынын, сонымен бірге ұстауға да ыңғайлы екенін айтып жатты. Дәл осы бауырсақтар (орташа) бес күн бойы ең бірінші болып таусылып отырды! Осылайша, нағыз бауырсақтың мінсіз көлемі анықталды: пішіні дөңгелек, екі тістегенде жеп қоятындай, салмағы 25 грамм. «Бұл – Да Винчидің Витрувиандық бауырсағы, курьер сөмкесіне салынған мінсіз шеңбер», – деп әзілдеді компания қызметкерлері.

inDrive.Курьеры қызметі Қазақстанның барлық ірі қалаларында жұмыс істейді және ай сайын шағын және орта бизнес үшін мыңдаған тапсырыс жеткізіп береді, олардың қатарында маркетплейстер, азық-түлік дүкендері, мейрамханалар, автокөлік бөлшектерін сатушылар, гүл бутиктері және басқа да кәсіп түрлері бар. Қызмет пайдаланушыларға және жүргізушілерге тапсырыс жеткізу бағасын тікелей келісуге, курьерді рейтинг, баға және келу уақытына қарай таңдауға мүмкіндік береді.

TuraNews

Back to top button