Басты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10,0.
MPV магнитудасы – 4,3.
Тереңдігі – 5 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.