Алматыдан Ташкентке жолға шыққан ұшақ әуежайға қайта оралды

Ташкентке ұшып шыққан ұшақ Алматы әуежайына қайта оралды.
«Air Astana» әуе компаниясының мәліметінше, Ташкентке ұшқан ұшақ дабыл қаққыш жүйесінің іске қосылуына байланысты Алматы әуежайына қайтып келген.
«Алматы-Ташкент бағытында қатынайтын KС 129 ұшағы 8 наурызда түнгі сағат 23:05-те жарты сағат кешігумен ұшып, 00:46-да әуежайға қайта оралды. Қайта оралуға батарея қуаттағышының дұрыс жұмыс істемеуі туралы дабылдың іске қосылуы себеп болған. Рейс басқа әуе кемесімен орындалды, ол 03:05-те ұшып шығып, діттеген жерге 03:45-те қонды. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген», — деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Дәл осындай жағдай былтыр желтоқсан айында да болған.
Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағының техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралуына тура келген еді.