Қоғам
Алматыдан 839 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 18 маусым күні Алматы уақытымен сағат 08:58-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым қашықтықта, Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан.
- Энергетикалық санаты – 10.1
- MPV магнитудасы – 4.5.
- Тереңдігі – 70 км.
- Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.