Қоғам
Алматыдан 760 шақырым жерде жер сілкінді
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 сәуірде Алматы уақытымен cағат 11:19-да (Гринвич бойынша сағат 06:19) жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9.
- MPV магнитудасы 4.4.
- Эпицентрдің координаттары 47.16 с.е°, 84.78° ш.б.
- Тереңдігі 5 шақырым.
Сезілуі (МЅК-64 шкаласы бойынша) туралы мәлімет: Тасбастау ауылында 2 балл сезілді.