Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда Алматы қаласына 323 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Жер сілкінісін сейсмикалық стансалар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 03:42–де тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 км жерде орналасқан.
Есептелген қарқындылық (балмен) болды:
- Меркі ауылы — 5.0 балл
- Құлан ауылы — 4.0 балл
- Шу қаласы — 2.0 балл
- Төле би ауылы — 2.0 балл
- Сарыкемер ауылы — 2.0 балл
- Тараз қаласы — 2.0 балл
- Қордай ауылы — 2.0 балл
- Аса ауылы — 2.0 балл
- Мойынқұм ауылы — 2.0 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және бейнеконференция өтті.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
— Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет етуге дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан орналасқан. Мамандар оларды тексеру өзара әрекеттестк ұйымдастырды — қауіп жоқ, — деп толықтырды ТЖМ.