Қоғам

Алматыдағы зілзаланың күші неге астанада сезілді?

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы жайтқа қатысты түсінік берді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистердің зілзала Астанада неліктен сезілгені туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

 

«Сейсмология үлкен ғылым екені белгілі. Жоғары дүмпу болды. Эпицентр Қырғызстан және Қытай шекарасында, 250-260 шақырым жерде орналасты. Афтершок жойқын болды. Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 балға жуық. Сол себептен ол Орталық Қазақстан да сезілді. Зілзаланың толқыны оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталды. Салдарынан біз мұнда (ред. – Астана) әлсіз болса да сезіндік», — деп түсіндірді министр.

БАҚ өкілдері оған “Астаналықтарға қорқатындай себеп бар ма, қандай да бір салдары болуы мүмкін бе?” деген сұрақ қойды.

«Оны айту қиын. Бірақ жер астындағы өзгерістерден емес. Астана Тұран деп аталатын платформада тұр. Ол — өте орнықты, көне платформа. Сондықтан тек афтершок қана сезілді. Әйтпесе жер сілкінісінің өзі қуатты болды. Жалпы уайымдайтын ештеңе жоқ», — деп жауап берді министр.

 

TuraNews

Back to top button