Спорт

Алматыдағы бокс кеші: Жанқош Тұраров IBO чемпионы болды

Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кештің басты айқасында Ж.Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағы үшін өтті.

10 раундқа есептелген айқас қазақстандық боксшының жеңісімен жетінші раундта аяқталды: ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді.

Ал Луис Энрике Ромеро профи-рингте үшінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұған дейін Ж.Тұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпион болған еді.

TuraNews

Back to top button