БастыСаясат

Алматыдағы Әзербайжан-Армения келіссөздерінің қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстан тарапының ұсынысымен екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөз өткізеді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің қай күні өтетінін мәлімдеді.

«Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді», — деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингте.

Бұған дейін Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынғаны хабарланған еді.

TuraNews

Back to top button