БастыТуризм

Алматыда туристерден 800 доллар алған таксист жазаланды

Алматыда шетел азаматтарын әуежайдан қонақ үйге дейін 800 долларға жеткізген такси жүргізушісі жазаланды, деп жазады Turanews.kz.

Бостандық аудандық полиция басқармасына үнді азаматтары арызданды.

Полицейлер 27 жастағы жігітті ұстаған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы («Бопсалау») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ол өз кінәсін толық мойындап, шетел азаматтарына шығынды өтеп берді. Ал туристер Қазақстан полициясына алғыс білдірді. Такси жүргізушісінің көлігі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін және төленбеген айыппұлына байланысты арнайы тұраққа қойылды.

Еске салайық, бұған дейін үндістандық туристерді бопсалап 800 АҚШ долларын алған алматылық такси жүргізушісі туралы жазған едік. 21 мамырда Алматы халықаралық әуежайы маңында жеке такси қызметін ұсынатын ер адам өз көлігіне Үндістаннан келген туристерді отырғызып, «қонақүйге дейін 1 мың теңгеге апарып тастаймын» деген. Межелі жерге жеткенде ол туристерден 1 180 АҚШ долларын сұраған, бермеген жағдайда «сөмкелерді қайтармаймын» деп қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 АҚШ долларын беруге мәжбүр болған. Үнді азаматтары бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына шағым түсірген.

TuraNews

Back to top button