Алматы қаласында 9-11 және 16-18 желтоқсан күндері шорт-тректен әлем кубогінің ІІІ және IV кезеңдері өтеді.
Бұл екі жарысқа әлемнің 30 елінен 250-дей шорттрекші қатысады.
Алматыдағы «Халық Арена» мұз сарайында өтетін айтулы додада Олимпиада және Азия ойындарының, әлем чемпионаты мен кубогінің жеңімпаздар-жүлдегерлері бақ сынайды.
Қазақстаннан мына спортшылар қатысады:
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанисов.
Әйелдер: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева, Алёна Волковицкая.
Алматы турнирлерінен кейін шорттрекшілер Дрезденге (Германия) аттанады. Әлем кубогінің қорытынды, шешуші кезеңі Дордрехт (Нидерланд) қаласында өтеді.