Қоғам

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында жасалған пәтер ұрлығына күдікті тұлғаларды анықтап, ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, одан жасырын түрде жеке мүлікті, оның ішінде теледидарды ұрлаған. Жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген.

Жедел шаралардың нәтижесінде полицейлер қылмысты жасаған болуы мүмкін негізгі күдіктіні, сондай-ақ ұрланған мүлікті сатып алған деген күдікке ілінген тұлғаны ұстады.

Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына тіркелді.

«Пәтер ұрлықтары азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін қылмыстар қатарына жатады. Оларды ашу және барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Әрбір осындай дерек тұрақты бақылауда», – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

TuraNews

Back to top button