БастыМәдениет

Алматыда орталық азия елдерінің VII театр фестивалі басталды

Бүгін Алматыда Орталық Азия елдерінің VIII халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді.

Алматыда орталық азия елдерінің VII театр фестивалі өтті. Бұл жолғы дәстүрлі шара қазақтың заңғар жазушысы  Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды, деп хабарлайды 24.kz

Өнер сайысына 60-қа тарта қойылым ұсынылған. Іріктеу комиссиясы соның 11-ін ғана таңдап алды. Онда отандық театрлардан бөлек, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінен келген ұжымдар да бақ сынайды. Ел атынан төрт бірдей спектакль сомдалмақ. Атап айтқанда,  Мұхтар Әуезов театры «Қан мен тер» драмасын, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Шағала» трагедиясын ұсынады. Ал, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры «Дон Кихот» трагикомедиясын, Ақмола облыстық драма театры «Көксерек» спектаклін  қояды. Сонымен қатар, фестиваль аясында «Қазақстан сценографтарының»  көрмесі мен  жекеменшік театрлардың  көрсетілімі SHOWCASE ұсынылады. Өнер додасы 7-ші қарашаға дейін жалғасады. Фестиваль Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Қарагөз» трагедиясымен ашылды.

Source
24.kz

TuraNews

Back to top button