Денсаулық
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады
Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.

Алпысбайұлының айтуынша, жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында.
«Соңғы 7 күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ға өсті. Алдыңғы 7 күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді», — деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Эпидемиолог коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі — вакцинация екенін еске салды.