Қоғам

Алматыда жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 10:08-де жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан — афтершок.

MSK-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл деңгейінде сезілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.

Айта кетейік, бүгін 23 ақпан Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау үшін оқу-жаттығу өтіп жатыр.

TuraNews

Back to top button