1-2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Осыған байланысты, бірнеше көше ішінара жабылады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.
Алматы қаласында осы жылдың 1-2 ақпанында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.
Сонымен қатар осы күндері мегаполисте дәстүрлі түрде жыл сайынғы Digital Almaty форумы ұйымдастырылады. Осыған орай, шараның ауқымы мен күтілетін қонақтардың санын ескере отырып, Алматы полиция департаменті 1-2 ақпанда көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылатынын хабарлайды:
— 1 ақпанда әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автомобиль жолы, Құлжа тас жолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағы жабылуы мүмкін.
— 2 ақпан – әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелеріне де өзгеріс енгізіледі.
Жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейді.
«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз», — делінген хабарламада.