Алматыда 12-18 желтоқсан аралығында XVI халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді, деп inbusiness.kz хабарлайды.
Кинофестиваль екі конкурстық бағдарламадан тұрады:
— халықаралық конкурс – соңғы 12 айда Еуразия құрлығында түсірілген 15 толықметражды фильм;
— ұлттық конкурс – 2021-2022 жылдары түсірілген 15 отандық толықметражды фильм.
Конкурстан тыс бағдарлама – «Ерекше оқиғада» әртүрлі дәуір мен жанрлардағы танымал әлемдік кино қайраткерлерінің фильмдерінің ретроспективасы, оның ішінде мерейтойлық фильмдер, сондай-ақ фестивальдің ашылуы мен жабылуында көрсетілетін фильмдер ұсынылмақ.
«Жаңа есімдер» бағдарламасы заманауи қысқаметражды отандық киноға арналады. Мұнда 2020-2022 жылдары түсірілген жас режиссерлердің үздік 15 фильмі көрсетіледі.
Жеңімпаздар үздік фильм, үздік режиссерлік жұмыс, үздік ер адам рөлі, үздік әйел адам рөлі, қазылар алқасының арнайы жүлдесі номинациялар бойынша анықталатын болады.