Қоғам
Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды
Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеді.
Қазақстан аумағында сезілген жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 13:13-те болды. Зілзала ошағы – Алматының оңтүстік-шығысына қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
АФТЕРШОК. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.