2023 жылдың 3 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Филология институтының ұйымдастыруымен «Береке бастауы – бірлік» тақырыбындағы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған студенттер Этнофестивалі өтті, деп хабарлайды Turanews.kz.
Этнофестивалді университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланұлы құттықтау сөзбен ашты. Келесі құттықтау сөз кезегі «Мурас» қырғыз этно-мәдени бірлестігінің мүшесі және аналар кеңесінің төрағасы Абдиева Нұржан Мамасыдыковнаға берілді. Ол өзге ұлттардың қазақ халқына деген ықыласына ризашылықтарын білдірді. Мерекелік іс-шараға Алматы қаласының «Достық үйінен» келген қонақтар «Айналайын» би тобы, Алматы қаласы бойынша халық әндері театрының өнерпаздары, Жетісу кадрилы, ұйғыр этно-мәдениет орталығынан Масим Насиман өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар мерекелік іс-шараға Абай университетінің филология институтының төрт кафедрасымен студенттері қатысып өз өнерлерін көрсетті. Түрік халқының ұлттық әні «Кiralık aşk» мен араб ұлтын «Өмірім» атты әсем әуендерін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Абдулла Нұрсұлтан және Шетел филологиясы студенті Султанмуратова Айдана Сәбитқызы орындап, француз халқының атынан «Шанель» би тобы, корей халқының өнерлі бишілері өз өнерлерін көрсетті.
Аталған мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі Филология институтының төрт кафедрасынан «Достық», «Бірлік», «Таттулық», «Ынтымақ» топтары қатысты. Этнофестиваль барысын талқылау мақсатында ҚХА кафедрасының меңгерушісі қонақтарды әр ұлттың тағамдарымен әзірленген дастархандарға шақырды. Сайыс соңында бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін деген ниетпенен достық жеңіп, қатысқан барлық топ бірдей бағаланды. Мерекелік іс-шарасының ерекшелігіне тәнті болған көрермендер өз ризашылықтарын білдірді.