БастыМәдениет
Trending

Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Бүгін, 23 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Қаралы жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары жиналды, деп жазады Kazinform агенттігі.

Жерлеу рәсімі бүгін кейінірек «Кеңсай-1» зиратында өтеді.

 

 

TuraNews

Back to top button